Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Осы жолдауында президент айыппұл көлемін азайтуды да міндеттеген болатын. Бүгін Әділет министрлігі осыған қатысты әкімшілік кодекстің қалай өзгеретінін айтып берді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

20161019152646

Яғни, кодекстегі 150 бапқа өзгерістер еніп, айыппұлдардың көлемі 30 пайызға тіпті кейбірі 50 пайызға дейін азаюы мүмкін. Олар негізінен жол ережесіне қатысты. Яғни, күндіз шам жағып жүру, рөлде ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тағып жүру, кір-қожалақ нөмір секілді ережелерді бұзған үшін салынатын айыппұл көлемі кемиді. Әділет министрлі құжатты маусымда Мәжілістің талқылауына жібермек. Бірақ атышулы құжаттың авторы Ішкі Істер министрлігі айыппұлды азайту бастамасына ішінара ғана келісіп отыр.

“Әкімшілік заңды бұзғандарға ең алдымен ескерту жасау мәселесін қарап жатырмыз. Яғни сондай баптарды көбейтеміз. Егер тәртіпсіздігін қайталаса сонда ғана  айыппұл саламыз”, – дейді ҚР Әділет министрлігінің департамент директоры Дархан Игембаев.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды

Жамбылда сәбиін дәретханаға тастап кеткен келіншек аналық құқығынан айырылды

Туған қызынан оңбай таяқ жеген Астана тұрғыны жұрттан көмек сұрады

Талқылау