Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде алапат су тасқыны мен Алматыдағы жер сілкінісінен кейін төтенше жағдайды ескерту бойынша комитет құрылады

Қазақстанда алапат су тасқыны мен Алматыдағы зілзаладан кейін төтенше жағдай кезінде ескерту жүйесі мен әдістері қайта қаралмақ. Енді апат кезінде халықты құлақтандыру жұмыстарымен айналысатын арнайы комитет құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

система

Фото: otradnoevsz.ru

Жаңа комитет төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы төтенше жағдай кезінде ескерту департаментінің орнына құрылады. Жаңа ведомствоның негізгі қызметтері тамызда бекітіледі. Ал табиғи және техногендік апат кезінде төтеншеліктер үнемі ескерту және апат салдарын жою әдістерін аңартып отыруы керек. 

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар тек шетелдік емес, қазақстандық мамандар дайындаған ескерту жүйелерін де қолданысқа енгізген екен. Мысалы, Ұлтыау облысындағы бөгетте кез келген ауа райында жұмыс істейтін "Қорнай" құрылығы жұыс істеген. 

"Қондырғының дыбыстық қысымы жоғары, себебі беріктігі жоғары пластиктен дайындалған. Сирена дыбысы күшейтілген, ал орталық пульт Астанада. Олар жүйеде не болып жатқанын көре алады. Сәйкесінше толығымен бақылай алады", – деді "Маяк группа" ЖШС техникалық директоры Яков Максимов. 

Талқылау