Соңғы жаңалықтар

Елімізде ағаштарды кескені үшін жаза күшейтіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында Қазақстанда жасыл желектерді кесу үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр әртүрлі аймақтардағы ағаштарды кесуге байланысты соңғы жанжалдарды еске салды. 

"Осыған байланысты министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бұзушылықтар үшін жазаны қатайтуға бағытталған бірқатар шараларды пысықтады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларына толықтырулар енгізуде. Оларға сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде 30 есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың іргелес аумақтардағы жасыл желектерді жойғаны үшін 10 есе көп ағаш отырғызу көзделеді", - деді министр.



Мағзұм Мырзағалиев бұрын бұл ережелерде аталған нормалар болмағанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жоспарланған. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге түзетулер әзірленді. Әкімшілік кодекске дискрециялық нормаларды алып тастау және құқық бұзушыларға санкцияларды ұлғайту - айыппұлдарды барынша рұқсат етілген мөлшерге дейін арттыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

"Мысалы, бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды көбейту ұсынылады:
жеке тұлғаға - 10 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 30-дан 450 АЕК-ке дейін;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40-тан 600 АЕК-ке дейін;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 100-ден 1500 АЕК-ке дейін", - деді Мырзағалиев.

Бұдан басқа, қылмыстық кодекске ағаштарды заңсыз кескені үшін санкцияларды қатаңдату бойынша өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр