Елена Рыбакинаның Бейжіңдегі алғашқы матчы тартысты өтті
Фото: KTF
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Қытай астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Рыбакинаның қарсыласы америкалық Кэти Макнэлли (90-орын) болды. Үш сетке созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет барысында ол шынтағының ауырсынуына байланысты медициналық үзіліс алуға мәжбүр болды. Матчтың ұзақтығы 2 сағат 30 минутқа созылды.
Осылайша Елена Рыбакина турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Келесі ойында ол германиялық Ева Лиспен (66-орын) кездеседі.
Айта кетейік, Бейжіңдегі дода Рыбакина үшін маңызды турнирлердің бірі. Бұл жарыстағы нәтижелері оған қараша айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін WTA маусымдық финалына жолдама алуда шешуші рөл атқаруы мүмкін.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

