Елена Рыбакина жүлде қоры 1,026 млн долларды құрайтын турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото:WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Brisbane WTA 500 турнирінде бақ сынауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 79-орында тұрған қытайлық Шуай Чжанға қарсы өткізді.
Отандасымыз қарсыласын 6:3, 7:5 есебімен сенімді түрде жеңді. Енді Рыбакина келесі айналымда чехиялық Мари Боузкова мен Испания өкілі Паула Бадоса арасындағы тартыстың жеңімпазына қарсы өзара мықтыны анықтайды.
Айтулы турнирдің жүлде қоры 1 026 446 долларды құрайды.
Теннисші Елена Рыбакина қай елдің азаматы?
Елена Рыбакина табысы жоғары миллионер спортшылардың қатарына енді
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2025 жылы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте өзінің бұрынғы 5-орнына қайта оралды. Сонымен қатар ол Эр-Риядта өткен жылдың қорытынды турнирде де шеберлігін паш етті. Ақтық сында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы айқын басымдықпен жеңіп, 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақыға ие болды.
Бұл – әйелдер теннисі тарихындағы бір турнир үшін берілген ең қомақты жүлде. Аталған жеңіс Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдондағы тарихи табысынан кейінгі екінші ірі титулы саналады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар

