Елена Рыбакина жүлде қоры 1 млн доллор турнирдің жартылай финалына шықты
Фото:WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалында канадалық Виктория Мбоконы екі сетте жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Виктория әлемдік рейтингте 23-орынға жайғасқан. Матчтың қорытынды есебі – 6:3, 7:6 (7:4). Тартысты ойын 1 сағат 26 минутқа созылды.
Бұл жеңіс Рыбакинаға қараша айында Эр-Риядта өтетін WTA Финалдық турниріне қатысуға мүмкіндік берді. Бұл жарыс жылдың ең үздік сегіз теннисшісі қатысатын бәсеке. Яғни жылдың қорытынды турнирі. Елена соңғы сегізінші орынға ресейлік Мирра Андреевамен таласып, басып озды.
"Матч өте қиын болды. Бұған дейін де Викториямен ойнап көргенмін, ол кезде де оңай болған жоқ. Бүгін екі сетте жеңгеніме қуаныштымын. Екінші сет ерекше тартысты өтті, екеуміз де жоғары деңгейде ойнадық. Тай-брейкте сәл басымдыққа ие болдым. Соңғы уақытта доп берулерім жақсы жүріп жатыр, ал қабылдауда қарсыласқа бейімделуге тырыстым. Жалпы, тең дәрежелі ойын болды, нәтижеге көңілім толады", — деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.
Енді Рыбакина жартылай финалда чехиялық Линда Носковамен (№17) өзара мықтыны анықтайды. Носкова бұл кезеңге ресейлік Анна Калинскаяның денсаулығына байланысты жарыстан бас тартуының арқасында жолдама алып отыр.
Айта кетейік, Токио турнирінің жалпы жүлде қоры — 1,06 миллион АҚШ доллары
BI Group жалдаған компания жұмысшыларына еңбекақысын төлемеді деп айыпталды

