Елена Рыбакина ерекше сыйлыққа ие болды
Фото:rybafan
Қазақстанның бірінші және әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін World Tennis Continental Cup турнирінің қарасыңында ерекше сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанкүйерлердің бірі спортшыға Қызыл Отты жылқы үстінде бейнеленген суретті рамкаға салып сыйлады. Шығыс күнтізбесі бойынша 2026 жыл жылқы жылы болып есептеледі.
Бұған дейін де жанкүйерлер Еленаны әуежайда жылы қарсы алып, гүл шоқтары мен түрлі естелік сыйлықтар ұсынған еді. Бұл – қазақстандық теннисшіге Қытайда жанкүйерлік ықыластың жоғары екенін аңғартады.
World Tennis Continental Cup турнирі 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Рыбакина әлем құрамасының сапында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина үшін 2025 жылы табысты жыл болды деп айтуға негіз бар. Ол Эр-Риядте өткен жылдың қорытынды турнирінде өз шеберлігін көрсетті. Ақтық сынында ол Арина Сабаленкамен айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде ол 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алды. Бұл әйелдер теннисінде бір турнир үшін берілген ең қомақты жүлде болып саналады. Бұл оның 2022 жылғы Уимблдондағы тарихи жеңісінен кейінгі екінші ірі титулы.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды


