Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшісі атағына ұсынылды
Фото:WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина “Жылдың үздік теннисшісі” номинациясына ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үміткерлердің қатарында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко, рейтингте екінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтек және үздік үштіктегі Коко Гауфф (АҚШ) бар.
Үздік теннисші атағына ұсынылғандар:
• Ига Швёнтек (Польша) – №2
• Арина Соболенко (Беларусь) – №1
• Аманда Анисимова (АҚШ) – №4
• Коко Гауфф (АҚШ) – №3
• Елена Рыбакина (Қазақстан) – №5
• Мэдисон Киз (АҚШ) – №7
Айта кетейік, жуырда жылдың қорытынды турнирі Эр-Риядта өткен. Айтулы байқаудың ақтық сынында ол Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтап, жеңіске жетті. Нәтижесінде 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алды. Бұл – әйелдер теннисінде бір турнир үшін берілген ең қомақты жүлде. Бұл оның 2022 жылғы Уимблдондағы тарихи триумфынан кейінгі қол жеткізген екінші ең ірі титулы.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр

