Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде электронды шылым өнімдерін пайдаланатын балалардың саны артуда

Қазіргі таңда Қазақстанда электронды темекілерді кез келген бала сатып ала алады. Сатушылардың көпшілігі кәмелет жасқа толмаған балаларға зиянды өнімді артық сұрақсыз саудалай береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Үш баланың анасы Жанар Шаймерденова аталған электронды темекілер бүлдіршіндер үшін қолжетімді екенін айтады. Бұған Жанардың өзінің жүргізген жеке зерттеулерінен кейін көзі жеткен.

Бұл өнімді пайдалану процесін ингалятормен салыстыруға болады. Хош иісті сұйықтық қайнаған кезде темекі түтініне ұқсас бу шығады. Электронды темекілердің көпшілігінің құрамында никотин болады. Және оларды 21 жасқа толмағандар үшін сатуға мүлдем тыйым салынған.

Жанар Шаймерденованың айтуынша, Instagram әлеуметтік желісі арқылы бұл өнімдердің кез келгеніне тапсырыс беруге болады.

"Қарапайым дүкен дүңгіршектеріне дейін толып тұр. Қазір тіпті кішкентайларға да сатады. Астана дүкендерінің біз кірген 10 дүкенінің барлығында бұл зиянды өнім бар болып шықты", – дейді ол.

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметтері бойынша, 2014-2018 жылдар аралығында 13-15 жас аралығындағы ер балалардың электронды темекі шегушілердің саны үш есеге, ал қыз балаларда екі есе артқан. 2019 жылы сауалнамаға қатысқан 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 13 пайызы электронды темекінінің өмірінде кем дегенде бір рет дәмін татып көрген. Ал 1% оны үнемі қолданады.

Өз балаларына түтін будақдатуға рұқсатын беретін ата-аналар да бар болып шықты. 

Олжас (аты өзгертілген) есімді жеткіншектің айтуынша, ол күніне 100 рет темекі буын тартады. Ал әке-шешесі бұған оң көзқараста дейді ол. Жасөспірім бұл құрылғыны достарымен бірге сатып алғанын және олар оны бірге пайдаланатынын да жасырмады.

"Алдымен бізде 45 мг болды, бірақ кейін досымыз бізге 125-ін құйды. Ата-анам маған 35-тен 25мг-ға дейін рұқсат береді. Кейде ол қағиданы бұзып, 45-ке дейін көтеремін", – дейді ол.

Нарколог Алексей Любушкин жас балалардың түтін шығаратын өнімдерді пайдалануына түбегейлі қарсы екенін айтады.

"Мен балалардың электронды зиянды өнімдерді пайдалануына мүлдем қарсымын. Тіпті ол жай глицеринді қолданса да бұл болашақта никотин өнімдерін қолдануға бір қадам жақындау деген сөз. Кейін жасөспірімнің темекі шегіп кетуі де ғажап емес", – дейді ол.

Жағдай нашарлап барады, сондықтан қоғам белсенділері темекі өнімдерін сатуға техникалық регламенттер енгізуді талап етіп жатыр.

"Базарда көптеп сатылуда бірақ құрамында никотин бар бұл өнімдердің қайдан жеткізілетінін сұрасақ жауап ала алмаймыз. Техникалық қадағалау қажет. Бұл сұйықтықтың құрамында канцероген бар-жоғын да білмейміз", – дейді "Амансаулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.

Ересектер ортақ шешімге келіп, мәселені шешкенше, балалар электронды өнімдер мен темекіге деген тәуелділікті жалғастыруда. Осы жылдың жеті айының ішінде ғана Қазақстан полициясы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатудың 506 фактісін тіркеді.

Талқылау