Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметов әлемнің ең үздік дзюдошысы атана алмады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше номинация бойынша үздіктерді анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Халықаралық ұйым алғаш рет ұлттық федерацияларға өз үміткерлерін ұсынуға мүмкіндік берді. Дауыс беру нәтижесінде дзюдошылар әр түрлі санаттарға бөлінді. Ал IJF-тің сарапшылар комиссиясы финалистер арасынан жеңімпаздарды анықтады.

Ерлер арасында жылдың үздік дзюдошысы атағын әзірбайжандық Хидаят Гейдаров иеленді. Спортшы былтыр Парижде өткен Олимпиада ойындарында 73 келі салмақта чемпион атанды. Сондай-ақ Гейдаров әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы.

Бұл марапатқа финалистер қатарында қазақстандық Елдос Сметов пен Лаша Бекаури да үміткер болды.

Елдос Сметов 60 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанған еді. Ол Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы алғашқы олимпиада алтынын жеңіп алды. 

Лаша Бекаури де Париждегі Олимпиадада 90 кг салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Елдос Сметов спорттық мансабында Азия ойындарының (2014), әлем чемпионатының (2015) және Азия чемпионатының (2016) жеңімпазы болған. Сондай-ақ қазақстандық спортшы олимпиаданың алтын, күміс және қола жүлдесін иеленген.

 

Талқылау