Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елді шулатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында автотұрақ ақысы арзандады

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында автотұрақ ақысы арзандайтын болды, деп жазады Stan.kz.

2900598ca7343cf2f

Бұл туралы Астана LRT-нің баспасөз қызметі Facebook-те хабарлады.

«Халықаралық әуежайдағы P-1 автотұрақ тарифін тексере келе, компания және әуежай басшылығының ортақ шешімімен, тұрақ бағасының арзандайтынын хабарлауға асықпыз», – делінген мәлімдемеде.

Сонымен, автотұраққа көлікті қою бағасы бірінші тәулік үшін 33 мың теңгеден 2,5 теңгеге дейін, ал одан кейінгі тәуліктер үшін 60 мың теңгеден 2,5 мың теңгеге дейін төмендеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Серік Сәпиев, Нұрлан Әлімжан, Дана Нұржігіт, Қайрат Баекенов сынды танымалдар әуежай тұрағына небәрі 1-2 тәулікке 100 мыңдап ақша төлегендерін айтып, шағымданған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Түрмеден босап шыққан Серік Ахметовты қалай қарсы алды (видео)

Атырауда кондукторлар мектеп оқушыларын автобустардан түсіріп кетіп жатыр

Қарағандыда бір оқушыға бола бүтін сынып мектепке бармай қойды

Алматыда 11 жастағы жеткіншек бірінші рет мектепке барып, қолына қалам ұстады

Талқылау