Елдегі коронавирус бойынша тәуліктік деректер белгілі болды

Қазақстанда 4 қаңтарда тәулік ішінде коронавирустың 723 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Жалпы республика бойынша 158 302 жағдай расталды, оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында - 19041 (+47),
Алматыда - 18939 (+92),
Нұр-Сұлтанда - 18777 (+68),
Атырау облысында - 13890 (+149),
Қарағанды ​​облысында - 12243 (+26),
БҚО-да - 9367 (+45),
Павлодар облысында - 9448 (+40),
Солтүстік Қазақстан облысында - 8856 (+57),
Қостанай облысында - 7797 (+57),
Ақмола облысында - 7481 (+59),
Алматы облысында - 7307 (+39),
Шымкент қаласында - 5523 (+6),
Жамбыл облысында - 5048 (+9),
Маңғыстау облысында - 3759 (+11),
Ақтөбе облысында - 3711 (+4),
Түркістан облысында - 3705 (+6),
Қызылорда облысында - 3410 (+6).

Бұған дейін Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ұлыбританияда анықталған мутацияланған штамм Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді. Қазақстаннан Ұлыбританияға тікелей рейстер жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр