Елбасы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 56-құжат; 2009 ж., №33, 308-құжат; 2011 ж., № 60, 850-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан көз жұмды
Білім министрлігі оқу жылының қысқартылуына қатысты жауап берді