Елбасы билікті қайта бөлу туралы заңға қол қойды
Түзетулер республикалық бюджетті пайдалану жөніндегі регламентке өзгерістерді қарастырады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Заң Қазақстан Республикасы президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған.
Конституциялық заңға енгізілетін аталған түзетулер “Президент туралы”, “Үкімет туралы”, “Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Тағы да оқыңыз:
Бауыржан Байбек алғаш рет айдай сұлу келіншегін ел алдына алып шықты
Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)
Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда