Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Алматыдағы халықтар фестивалінде би биледі (фото)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда басталған халықтар фестиваліне ат басын тіреп, 34 ұлттың мәдениетімен танысты.

Безымянный

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Ең алдымен, Ұлт көшбасшысын нан-тұзбен қарсы алды. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев қалашықтың көшелерін аралап, лезгин биін билеген бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Ұлт өкілдерінің бірі елбасыны биге шақырды. Биден кейін Мемлекет басшысы алаң ортасына жайылған дастарқаннан дәм татты. Мерекелік шараға жиналған әр халық ұлттық аспаптарда ойнап, би билеп, өз өнерлерін паш етті.

вв

«Нұрсұлтан Әбішұлының бізге келіп, мәдениетімізді бағалағанына қуанып отырмыз. Бұл тамаша мейрамды Ұлт Көшбасшысымен бірге атап өтудің астарында терең мән бар», – деп атап өтті республикалық әзербайжандар қауымдастығы төрағасының орынбасары Аллахверди Маметов.

 

Талқылау