Ел тарихында үшінші мерзімге сайланған алғашқы төраға: Си Цзиньпин тағы да Қытай басшысы
Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының депутаттары ҚХР Төрағасы ретінде Си Цзиньпинді қайта сайлады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша ол Қытай тарихында үшінші мерзімге сайланған алғашқы басшы болып отыр. “Коммерсанть” сайтының жазуынша Си Цзиньпин құзырына елдегі орталық әскери кеңестің басшысы қызметін де қоса атқарады.
Дауыс беруге шешім бірауыздан қаылданды. 2952 депутат бұрынғы басшысының өз қызметін жалғастыруын қалаған. Сонымен қатар Мемлекеттік Кеңестің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ҚХР төрағасының орынбасары болып сайланды.
Си Цзиньпин 69 жаста. Ол 2012 жылы Қытай Компартиясының Орталық Комитетінің Бас хатшысы болды, 2013 және 2018 жылдары ҚХР Төрағасы болып сайланды. 2017 және 2022 жылдары Компартия Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып қайта сайланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”