"Ел экономикасына сенбейтінін білдіреді": Қазақстандық шенеуніктердің шетелде қанша мүлкі бар
Қазақстандық шенеуніктердің шетелде жылжымайтын мүліктері бар. Олардың пәтерлері Ұлыбритания, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркия сияқты елдерде орналасқан. Бұл мәлімет кірістерді декларациялау кезінде белгілі болды. Бұл деректер жайлы білген қоғам арасында бұларды сатып алу үшін олар ақшаны қайдан алады және неге инвестициясын шетелге жасайды деген сұрақ туындайды. Сарапшылар түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Ресейден бөлек қазақстандық шенеуніктер мен олардың туыстары жарық, шуақты елдерді жақсы көретін сыңайлы. Қазірдің өзінде Түркияда 48, Біріккен Араб Әмірліктерінде 36, Испанияда 22 нысан бар екені белгілі.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев бұл сандар әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Қазақстанда дұрыс емес тенденция қалыптасқаны жайлы сөз еткен саясаттанушы, азаматтардың барлығы мемлекеттік қызметке қаржылық ресурстар мен билік тұтқаларына қол жеткізу үшін барады деген пікірін жеткізді.
"Бұл сандардың барлығының, әрине бастамасы жаман емес. Бірақ мұның теріс жағы да бар, бұл жүйеде әрқашан қол сұғылмаушылыққа немесе активтері шетелдік, оффшорлық компаниялары тиесілі билік тарапынан белгілі бір дәрежеде жасырылатын тұлғалардың санаты болады. Немесе бұл адамдар әлі де жүйеге қажет болғандықтан, оларға тиіспеуі де мүмкін", - дейді Досым Сәтпаев.
- Виза талап етілмейтіндерге 90 күн: Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережесіне өзгерістер енгізілді
- Жергілікті тұрғындары қара жұмыс істемейді: Англияда тұрып жатқан қазақ елдегі жұмыс, білім беру, қазақтармен ұқсастық жайлы айтты
Жаңадан құрылған "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров шенеунік мемлекеттік қызметке келмей тұрып табысты кәсіпкер болып, шетелден мүлік сатып алғанымен, жаңа қызметке келгеннен кейін ол шетелдік активтерден құтылуға міндетті болатынын айтады.
"Демек, шетелдегі 300-ден астам нысан біздің мемлекеттік шенеуніктерге тиесілі екенін естісек, бұл шенеуніктер экономикамызға, елімізге сенбейтінін білдіреді. Осы жерде орынды сұрақ туындайды - бұл адамдардың экономикамызды, елімізді басқаруға қандай құқығы бар?", - дейді Хожаназаров.
Мұндай мәселелерде жариялылық пен ашықтық болмайынша Қазақстанның демократияға бет бұруы қиынға соғады, дейді сарапшылар. Олар Сингапур тәжірибесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлық схемаларына жол бермеу үшін барлық мемлекеттік қызметшілер мен олардың туыстарының кірістер мен шығыстардың теңгерімін тексеруді ұсынады.