Анетбеков Мұратбай Телгозиевичтің талабы толық қанағаттандырылды. Сот Жолмановадан 315 миллион теңге материалдық шығын және 150 мың теңге мемлекеттік баж өндірілсін деп шешті. Алхаров Қайырбек Есенбаевичтің талаптары да толық көлемде қанағаттандырылды: 59 миллион теңге материалдық шығын және 590 мың теңге мемлекеттік баж мемлекет кірісіне аударылады.
Еске салайық, 2024 жылы 9 қазан күні экс-судья Светлана Жолманова тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Ол алаяқтық жасады деп айыпталды. 11 қазан күні бұрынғы судьяның Алматыда екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. 2025 жылы 18 наурызда Жолманованың ісі сотқа жіберіліп, ал 19 маусымда ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
