Экс-министр қалай қызметтен кеткені жайлы айтып берді
Бұрынғы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев отставкаға кету туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен бұл лауазымға тағайындалған кезде көптеген құттықтау алдым. Қызметтен босағанда да көптеген жақсы сөздер естідім. Көптеген адамдар бастан кешкен оқиғаларды жазып, еске салғаны үшін өте қуаныштымын. Біз мемлекеттік мүдде үшін қатар жұмыс істедік, біршама жобаларды жүзеге асырдық, басқалары қызықты шешімдерді ұсынды. Әріптестер, достар, цифрлық комиссарлар, комментаторлар және қарапайым азаматтар, менің соңғы жылдардағы барлық жұмысым - бұл біздің бірлескен жұмысымыз" , - деп жазды Жұмағалиев желідегі парақшасында.
Ол әріптестеріне жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Осы уақыт аралығында үлкен тәжірибе жинап, білімін толықтырғанын жеткізді ол.
"Менің ойымша, біз көп нәрсені жасадық. Тағы бір нәрсені айтқым келеді. Министрліктің барлық қызметкерлері жұмыстарын қаншалықты жақсы көретінін, құлшыныспен қызмет жасайтынын көрдім. Сіздерге көп рахмет, шын жүректен тағзым етемін. Мен мүмкіндігінше ашық болуға тырыстым, жоспарлар мен нәтижелер туралы айттым. Бұл пайдалы болды деп үміттенемін. Достық үшін, мәселелерді шешуге көмектесетін идеяларыңыз бен пікірлеріңіз үшін рахмет", - деп толықтырды бұрынғы министр.
Сөз соңында Жұмағалиев қазіргі сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусинге сәттілік тіледі.
20 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевті Сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
