Экс-министр Елжан Біртанов кәсіби қызметінде әкесінің атын пайдаланғанын жасырмай айтты
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында денсаулық сақтау саласында еңбек жолы қалай басталғанын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
“Жас кезімде көбі “Бұл бас дәрігердің баласы” деп жиі айтатын. Иә, мен әкемнің атын пайдаландым. Өйткені әкем ауруханада бас дәрігер болғанда, мен мейіргер болып жұмыс істедім. Алғашында орталық клиникалық ауруханада 1 жыл қызмет еттім, кейін әкем басқарған жедел-жәрдем ауруханасында интенсивті кардиология бөлімінде 1 жыл, токсикологияда 1 жыл жұмыс істедім. Содан кейін барып қана дәрігер болдым. Менің кәсіби дауым сол кезден басталды. Бөлімше меңгерушісі болдым, одан республикалық токсикологиялық орталық құрдым. Сол себепті әкемінің атын да, лауазымын да пайдаландым деп айта аламын. Себебі менің тікелей басшым әкем болды”, – дейді экс-министр.
Алайда экс-министр әкесі Амантай Біртановтың атын медицина саласының дамыту үшін қолданғанын айтты.
“Сондай-ақ әкемнің лауазымы мен қызмет еткен токсикология саласының дамуына да үлкен септігін тигізді. Басшы болып жәй ғана отырмадық. Кафедра аштық, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіздік, түрлі жаңа технологияларды енгіздік. Токсикология бөлімшесін республикалық орталыққа айналдырдық, халықаралық деңгейге шығардық. Сол себепті әкемнің атын дұрыс жағынан пайдаландым деп айтар едім”, – дейді Елжан Біртанов.
Бұған дейін Елжан Біртанов дәрігерлерді медицинадағы қатесі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпауға шақырған еді.