Экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігі
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабардайды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.
Еске салайық, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та оның ұсталғаны туралы түрлі ақпараттар тарай бастады. Кейбір басылымдарда бұл жағдайдың сыбайлас жемқорлық не қаржылық қылмыстармен байланысты болуы мүмкін екені айтылған.
Сәл кейінірек журналист Михаил Козачков өз дереккөзіне сілтеме жасап, Жақсылықовтың расымен де бір қылмыстық іс аясында тексеріліп жатқанын жазды. Оның айтуынша, арнайы қызметтер "шұғыл тергеу әрекеттерін", яғни тінту жұмыстарын жүргізген. Бірақ әзірге Жақсылықов күдікті ретінде танылған жоқ.
Айта кетейік, Жақсылықовтың орнына қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалды. Ол бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
