Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-депутат Мәди Ахметов әскери борышын неге өтемеді – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Мәжілістің экс-депутаты Мәди Ахметовты әскерге жіберуді талап етілген былтырғы жылғы петицияға қатысты қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Министр орынбасары экс-депутаттың неліктен әскер қатарына бармағынын түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ОКҚ алаңында баспасөз мәслихатына қатысқан қорғаныс министрлігінің өкілдеріне журналистер Мәди Ахметовтың әскерде қызмет етпегеніне наразылық білдіріп, петиция жариялағанын еске салды.Оған он мыңнан астам адам қол қойғанын айтты. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтен Мәди Ахметов не себепті әскерге бармағанын сұрады. 

Сұлтан Камалетдинов айтуынша 27 жастан асса, оны ешкім мерзімді әскери қызметке шақырмайды. 

“Расымен, бізде көптеген азаматтар маңызды қызметтерде жұмыс істейді. Соған қарамастан, бізде заң бойынша әскери қызметке шақыру құзыреті нақты белгіленген. Бірақ оның жасы 27-ден асса, ол әскери борышын өтеуден босатылады. Ал егер ол ЖОО-да іскери кафедраны аяқтап, запастағы офицер дәрежесін алса, ол 2 жылдық әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Оның жасын білмедім. Бәлкім әскери борышын өтеуге жарамайтын шығар",- деді қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

БАҚ өкілі кезінде шақырылуы тиіс уақытта не себепті әскери борышын өтеуге алынбағанын және көп дауыс жинаған петицияға министрлік неге назар аудармағанын сұрады. Алайда министрлік өкілі бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. 

"Бізде жыл сайын жарты миллионға жуық оқушы мектепті аяқтайды. Оның 200 мыңы ұл балалар. Бірақ біз сол 200 мыңнан барлығын әскери қызметке шақыруымыз керек дегенді білдірмейді. Бізге мұндай көлемдегі әскерилер санын жинаудың қажеттігі жоқ.сонымен бірге әскери қызметке алу үшін де қойылатын талаптар бар.",- деп жауап берді министрдің орынбасары.

Министрліктің хабарлауынша, Мәди Ахметов 1995 жылы туған. Оның жасы әскери борышын өтеу мерзімінен асып кеткені себепті ол әскери міндеттілер қатарына жатқызылады. Борышын өтеуге шақырылмайды.

Еске салайық,  “Ахметовты армияға жіберу керек” деп петиция жарияланған еді. Алайда мыңдаған адам қол қойғанымен экс-депутат армияға бармаған.

Талқылау