"Екпе салдырмағандардың балаларын тартып алады": Қазақстандықтар желіде тараған ақпаратты қызу талқылауда
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты қызу талқылауда. Онда 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап вакцина алмаған адамдардан балалары тартып алынатыны жөнінде айтылған. Білім минстрлігі халық арасында шу тудырған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай заң жобасының жоқ екендігін мәлімдеді.
"Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мектеп қабырғаларында балаларды күштеп егу жұмыстары жүргізілмейді. Білім ордалары керісінше балаларға білім беріп, олардың өсуіне көмек береді. Сондықтан ата-аналарының рұқсатынсыз вакцинациялау мүмкін емес. Қазақстандықтарды әлеуметтік желілерде толқу туғызатын жалған ақпараттарды таратпауға шақырамыз", - деді Білім министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.
- Белсенді Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды
- "Жүкті әйелдерге вакцина олардың келісімінсіз салынады": Желіде тараған ақпаратқа қатысты Санитарлық бақылау комитеті пікір білдірді
Талқылау