Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология және индустрия вице-министрлері тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен экология және табиғи ресурстар мен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Саиынұлы Құрмалаев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары – "Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары – "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021-2022 жылдары – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Ілияс Оспанов 1986 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон империялық колледжін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастады.

2011-2012 жылдары – "Астана су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы МҚК өндірістік-техникалық бөлімінің 1-санаттағы инженері.

2012-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінде сарапшы болып жұмыс істеді.

2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болды.

2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2016-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2020 жылдары – ҚР және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары.

2020-2021 жылдары – "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті.

2021 жылы "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.

Талқылау