Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы жабайы қабандарды іздестіру жұмыстары туралы айтты
Нұр-Сұлтан көшелерінде жабайы қабандардың қыдырып жүрген бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең тарап, министрлікті де алаңдатқан болатын. Қала ішінде қабандарды іздеген эколгия министрлігі жабайы жануарларды таппағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола инспекциясы бөлімінің мамандары мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қабандарды іздестірген.
"21 қыркүйекте Тұран даңғылының бойымен, сондай-ақ қаланың шетімен бірлескен айналма жолдың бойында жүрген бір топ жабайы қабан табылған жоқ. Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Ақмола облысында 2500-ге жуық қабан тұрады. Және олар қалаға көші-қон арқылы жетуі мүмкін", - деп хабарлады департамент.
Естеріңізге саламыз, астаналықтар Тұран даңғылы бойындағы «Барыс Арена» спорт кешені аймағында бес ересек қабан мен қабанның алты баласынан тұратын шағын топпен кездескен. Куәгерлердің видеосы желіде тарады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”