Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде екінші рет күйеуге шыққан келіншектің орамалын ауыстыру дәстүрі қызу талқыға түсті (видео)

Фото: Видеодан скрин

Келіннің басындағы орамалды ауыстыру дәстүрі көрсетілген видео желіде қызу талқыға түсті. Батыс Қазақстан халқы мұндай салтты екінші рет күйеуге шыққалы жатқан келіншекке жасайтынын айтып, дәстүрді бір ауыздан қолдай кетті. Алайда этнограф Бұлбұл Кәпқызы мұнымен келіспейді. Этнограф Stan.kz тілшісіне берген сқхбатында бұл салттың өзгеріске ұшырап, бұрмаланғанын айтты.

Әлеуметтік желіде кейуананың жаңа түскен келіннің басындағы ақшыл түсті орамалды шешіп, оны ақ кестелі ормалға ауыстырып жатқан сәтінен видео тарады. Желі қолданушылары бұл салттың Ақтау жұртына тән екенін айтып жарыса жазды. Сондай-ақ бұл дәстүрдің жастар арасында насихатталуы керек екенін айтты.

“Ең дұрыс салт осы. Бұрын байда болса да сырға салдырып, ұзатылып жатқандар бар. Ұят қой ол. Негізі дәстүр осылай. Бұрын тұрмыста болғандардың тек екінші барған жері орамалын ауыстырады”, “Маңғыстау ғой нағыз салт-дәстурді ұстанған”, “Көнеден кележатқан нағыз қазақтың салт-дәстүрі. Желіге жариялап отырған адамға мың алғыс. Жастар көрсін, білсін, түсінсін”, “Бұрын күйеуде болған әйел екінші рет күйеуге шыққанда келген жері орамалын ауыстырады. Бұрын беті ашылғандықтан, беташар болмайды”, “Екінші рет тұрмыс құрған жағдайда жасалатын дәстүр. Келін болып түскен жердің аналары мен жеңгелері тағып барған орамалын алып, жаңадан орамал салады”, – деп жарыса жазды желідегілер.

@suinshi.aktau

 

♬ Әр әйел бақытты болуға лайықты - Jazzdauren

Осы тұста этнограф Бұлбұл Кәпқызы бұл салт-дәстүрдің шығу тарихын баяндап, қазір өзгеріске ұшырағанын айтты.

“Орамал ауыстыру” дәстүрі қазір ел аузында жүрген салттан мүлдем басқаша. Орамал ауыстыру дәстүрі ерте кезде қыз үйінен ұзатылып шыққанда басына қызыл кішкентай шыт байлап шығады. Оның сыртынан желек жабады. Келін болып түскен әулетке келгенде енесі келіннің басындағы қызыл шытын алып, орнына ақ орамал байлайды. Осыны орамал ауыстыру салты дейді. Одан кейін тағы бір нұсқасы бар. Келін болып түскен соң ол бір жыл бойы басына қылы шыт байлап, желек жауып жүреді. Оны “қызыл желек астында жүрдім” деп айтады. Келін бала босанған соң енесі оған кимешек шылауыш киіндіреді. Мұны да орамал ауыстыру салты дейді. Жалпы қыз тұрмысқа шыққанда қызыл шыт, қызыл көйлек, қызыл сәукелемен ұзатылады. Барған жерінде оның түсін ақшыл кесетелі орамалға ауыстырады. Бірақ онда да әппақ түсті болмайды. Өйткені ол ақыреттің белгісі. Қазір бұл салт-дәстүр өзгерген. Яғни, кей өңірде адамдар екінші рет тұрмысқа шыққан қыздардың басындағы орамалын ауыстырады. Осындай салтты әлеуметтік желіден байқап қалдым. Бұрын тұрмыста болған келіншектің, екінші рет күйеуге шығып жатқан келіншектің басындағы орамалын алып тастап, жаңа орамал тағады. Мұның мағынасы: “Тұрмысың жаңарды” деген сөз. Қазақта “әйел қырық шырақты деген сөз бар. Яғни, “бір шырағың сөнсе, бір шырағың жанды” деп орамалын ауыстырып, байлайды. Бұл салт-дәстүр көбіне Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау өлкесінде кеңінен таралған”, – дейді этнограф.

@makosik12

Келінімнің қызыл орамалын ақ орамалға ауыстырған сәт🥰❤️

♬ оригинальный звук - dd__dias

Бұлбұл Кәпқызының айтуынша, бұл тозығы жеткен дәстүр. Қазір оны қайта жаңғыртып, ұстанудың еш қажеті жоқ деп санайды.

“Қазір ғылым мен техника дамып, қоғам өзгерген сайын кейбір қажетсіз дүниелер қалып, дәстүрлер өзгеріп отырады. Сондықтан бұл салттың қазір қажетіде, орындалуы мен мақсаты да шамалы. Айтарлықтай, үлгі тұтып, сақтайтын дәстүр емес деп санаймын”, – дейді ол.

Екінші рет тұрмыс құрғалы жатқан әйелге беташар жасау қаншалықты дұрыс?

“Әйел қырық шырақты” деп қазақ бекер айтпайды. Бір рет тұрмыста болып, онда бағы жанбаса, екінші рет тұрмысқа шығып, бақытты болуыға құқылы. Сол себепті екінші рет ұзатылып, беташар жасауда еш ағаттық жоқ. Беташар – жаңа түскен келіннің келген ауыл адамдарына және ауыл адамдарының келінге таныстырылуы. Жас келін болғандықтан оны ешкім танымайды, ондағы адамдар да келінге бейтаныс. Сондықтан таныстыру рәсімі өткізіледі. “Бір рет беташары болған келіннің бетін ашпаймыз” деген нәрсе дұрыс емес.Мысалы, бір ауылдың қызы көрші ауылға тұрмысқа шықса, оның беташарын жасамайды. Өйткені, оны бәрі біліп, таниды. Ал қазір ондай заман жоқ. Келінге қайын ағаларын таныстырып, ол сәлем салу керек. Меніңше, келіншек екінші рет тұрмысқа шықса да жасалуы тиіс. 

Этнограф беташардың басқа мақсаты жоқ дейді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 19:16
Талқылау