Екінші қызымен бірге түскен суретін көрсеткен Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты күлдірді (фото)
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың жұбайы әрі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде екінші қызы Алаумен бірге түскен суретін жариялап, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісінде екінші қызы Алаумен бірге түскен суретін жариялады. Суретінің астына әзіл аралас жазба қалдырған актриса жұртты күлдірді.
«- Алау, қызым ары тұршы суретке түсіп алайын… – Анашым, тоқтай тұрыңызшы, аяқ киімімді киіп алайын, – деген кадр», – деп жазды Жұлдыз.
Қайрат Нұртастың жұбайының жазбасына небары 3 сағаттың ішінде 49 мыңнан аса «лүпіл» қалдырылған.
Өз кезегінде желі қолданушылары да актрисаның жазбасына әзіл аралас пікір қалдырып жатты.
«10 жыл бойы қашып-пісіп, тығылып үйренген бала сияқты», «Неше жыл тығылып үйреніп қалған дейсіз ғой», «Қызың әрі тұрып, «көрінбей» түсіп алыпты ғой суретке», – деп әзілдеді Жұлдыздың Инста-оқырмандары.
Оқи отырыңыз:
Танымал сәнгер Аида Кауменованың екінші күйеуімен заңды некесін қиғаны белгілі болды (фото)
Баян Алагөзова Геннадий Головкиннің арқасында айыппұлдан сытылып кетті (видео)
Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыздың сахнадағы биі желіні жарды (видео)
Кенжесін айналып-толғанған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)