Екінші қабаттан құлап кеткен: Алматыда танымал қазақстандық виолончельші көз жұмды
Алматыда танымал қазақстандық виолончельші Болат Тыныбеков көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

39 жастағы музыканттың көз жұмғаны туралы марқұмның әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, Болат Тыныбеков Алматыдағы мекемелердің бірінің екінші қабатынан құлап кеткен. Алматы полициясы әзірге түсініктеме берген жоқ.
Болат Тыныбеков өзінің Instagram парақшасында 27 қарашада өтеді деп жоспарланған “Эннио Морриконе” бағдарламасымен өнер көрсететінін жариялаған еді.
Еске салсақ, бұған дейін алматылық танымал аспаз Бага Демалыс өзіне қол салғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"