Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры болып табылатын 96 жастағы Джордж Монтегю өзінің гей екенін түсініп, 4 жыл бұрын ер адамға үйленген. Оның мұндай әрекетіне 21 жыл бірге тұрып, 3 бала сыйлаған әйелі түсіністікпен қарапты.

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Монтегю Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұлыбританиялық ВВС құрамында болған. Сарбаз өзін тұтқындайды деп қорыққандықтан, жыныстық көзқарасын барынша жасырып келіпті. Сонымен қатар ол анасының жанын жаралудан қорқып, 10 жыл бойы гей екенін жасырған. 

Монтегюдің анасы 1981 жылы қайтыс болған. Бұл кезде Джордж шаңырақ көтеріп, үш баланың әкесі атанған. Оның бұрынғы әйелінің сөзінше, ол тұрмысққа шықпас бұрын Джордждың гей екенін білген көрінеді. Алайда жалғыз қалғаннан гөрі, гейге тұрмысқа шыққан артық, дейді ол. 

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Ер адам 73 жасқа келгенде өзінің қазіргі жұбайы – 50 жастағы Сомчайды жолықтырыпты. Сол кезде әйелі түсіністік танытқан. 

«Мен сенімен 21 жыл бірге болдым. Ендігі жаңа жолдасың қалған уақытты сенімен бірге өткізе алады», - депті әйелі одан кетіп бара жатып.  

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Ендігі Джордж Монтегю өзін «ауылдағы ең қарт гей» деп атайды. 

«Мен өмірімнің басым бөлігін болмысымды жасырумен өткіздім. Ендігі бұл туралы төбеге шығып айқайлағым келеді. Ешкім өз жынысы үшін өзге адамды жақсы көре алмаймын деп ойламауы керек», - дейді ардагер. 

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Монтегю мен Сомчай 2015 жылы үйленген. Бұған дейін олар 18 жыл бірге тұрыпты. Ардагер жыл сайын Ұлыбританияда өтетін гейлердің шеруіне қатысады. Бүгінде өз өмірі үшін дән риза қария 100 жасқа дейін өмір сүрсем дейді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Қыркүйек, 2019 13:58
Талқылау