"Екіқабат кезімде ішімнен тепкен": Түркістан облысында тойда ән салып тұрған әйелді экс-қайын атасы ұрып жіберді
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде әнші Азода Толаеваның соққыға жығылған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зағамбар ауылындағы мейрамхананың бірінде болған.
“Ол – менің бұрынғы қайын атам. Есімді бір сағаттай жинай алған жоқпын. Жедел жәрдем келіп, алып кетті. Ұрғаннан кейін құлаған соң кеудеммен қатты бір затқа соғылдым. Үстінен арыз жаздым. Аудандық ішкі істер бөлімі бұл істің қаралуын 1-1,5 айдай күтесіз деп айтты. Бұрынғы келіні болғаным үшін қызғандық дейді", – деп жазды әнші.
Өнер иесінің сөзінше, күйеуімен ажырасқаннан кейін ол жақтың адамдарымен араласпай қалған. Тойда кездейсоқ көріп қалған көрінеді.
“Әкесін соттатамын дегесін, баласы жазды. Мен олармен төрт жылдан бері араласпаймын. Тыныш өмірімді сүріп жатырмын. Ол да біреудің баласы деп үндемей кеттім. Өлім халінде жатқанда жедел жәрдем шақырмаған. Ондай жауыз отбасыдан кеткеніме қуанамын. Олардың мені ұрып, теуіп, қинағандарын төркінім білмейді. Мына видеоны көріп, анамның жүрегі тоқтап қалайын деді. Екіқабат кезімде де ішімнен тепкен. Сол кезде де кешірдім. Бірақ аяққа нық тұрып, енді көтеріліп келе жатқанда, халықтың көзінше жабылғанын ешқашан кешірмеймін. Тойға әдейі барған жоқпын. Кездейсоқ жолығып қалдық”, – деп ашуланды әнші.
Stan.kz тілшісі оқиғаға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
