Екібастұздағы науқастар мен жүкті әйелдер Павлодарға көшіріліп жатыр
Жылуы жоқ Екібастұздың перзентханасынан жүкті әйелдер шұғыл түрде Павлодарға жіберіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Көшірілгендер арасында ауыр науқастар да бар. Қазір қаладағы барлық медициналық ұйым бақылауда дейді денсаулық сақтау министрі.
Ауруханадағы жылу да қалпына келтірілген. Ондағы науқастардың жағдайын әр екі-үш сағат сайын бақылап отырмыз дейді министр Ажар Ғиният.
Осы күндері суық өтіп салқын тиген адам болмапты. Қала тұрғындарына барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, дәрі-дәрмек жеткілікті.
“Ал тиісті жағдай жасалған ауруханаларда бар науқас емделіп жатыр. Дәрідәрмек жеткілікті. Министрлік ондағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отыр. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі арқылы да көмек көрсетіледі. Босанатын әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі”, – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Талқылау

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
Инженерлік, су және энергетика, жол құрылысы, көлік, әуе жолдары мен темір жол саласындағы мамандар қажет

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"