Шымкенттік кәсіпкер тегін балмұздақ таратқаны үшін қамауға алынды

Фото: Pixabay.com
Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шара 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өтті. Тегін балмұздақ "Тұран-2" ықшамауданындағы "Жаңалық" сауда үйінің жанында таратылған.
Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.
"Аштан келгендей": Астанада Қадір түнінде мешітке жиналған жұрт тегін тамаққа таласты (видео)
Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.
Бұған дейін ақтаулықтардың тегін балмұздаққа таласқаны туралы жазған едік. Кейін кәсіпкер осы үшін жауапқа тартылды.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады