Екібастұзда жоғалып кеткен бала пойыздан табылды
Екібастұз қаласында 3 мамыр күні оқушы жоғалып кетті. Полиция оқушыны сол күні пойыздан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кәмілетке толмаған бала музыка мектебінің жанындағы ойын алаңына серуендеуге шыққан. Бір сағаттан кейін анасы баласын іздей бастайды.
Анасы Екібастұз қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласқан. Жеке құрам, оның ішінде желілік полицейлер бірден бағыт-бағдар алды. Кәмелетке толмаған бала Павлодар – Шымкент пойызында Шідерті станциясының маңынан табылды.
“Қазіргі уақытта баланы полицейлер пойыздан шығарып, Екібастұз қаласына бет алды. Содан кейін ата-аналарға тапсырылады”, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл пойыздың жылдамдығын азайтып тастаған
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”