Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмып, жеті адам жарақат алды

Екібастұзда 24 қыркүйекте көлік апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол апаты

Жол апаты Екібастұз қаласындағы Стелла-Город автожолында болған.

"24 қыркүйекте 19.30 шамасында 2001 жылы туған жүргізуші "Фольцваген Пассат" маркалы автокөлікпен Екібастұз қаласындағы "Стелла-Город" автожолымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Форд Транзит" шағын автобусымен соқтығысқан", – деді Екібастұз қалалық полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмған (2001жылғы жүргізуші және "Фольцваген Пассат" автокөлігінің 2005 жылғы жолаушысы). Сонымен қатар "Форд Транзит" көлігінде болған 7 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. 

Талқылау