Қазақстандық шенеунік мас күйде көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды

Фото: Pixabay.com
Екібастұзда 38 жастағы шенеунік 14 желтоқсанда таңертең Mercedes-Benz E240 көлігін мас күйде жүргізгені үшін ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екібастұз қалалық сотының қаулысында Екібастұз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары таңғы сағат 5:00 шамасында Энергетиков көшесінде ұсталғаны айтылған. Полиция мас күйінде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырып, оны дереу сотқа жіберді.
Әкімшілік істі қарап шыққаннан кейін сот шенеуніктің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді.
Беделге нұқсан келтірді: Түркістан облысының шенеунігі төбелес үшін қызметінен кетпек
Маңғыстау облысында құмар ойынға 750 теңге тікпек болған шенеунік жұмыстан шығарылды
"Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалсын", – делінген Екібастұз қалалық сотының қаулысында.
Полиция жүргізуші куәлігін тәркілеуге міндетті, бірақ көлік қайтарылады деп көрсетілген.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады