Екібастұзда полицейлер 32 адамның жаппай улану дерегі бойынша іс қозғады
14 сәуір күні Екібастұздағы мекемелердің бірінде өткен тойда тұрғындар уланған. Жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасына науқастардың кенет ағылуы істің қозғалуына себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: banki.ru
Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Құқық қорғау органдары абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығып, улануына әкеп соққан санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормаларды бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сонымен қатар Екібастұз санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында тексеру жүргізу тапсырылды.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда жаппай улану салдарынан 32 адам ауруханаға түскені туралы жазған едік. Медициналық көмекке жүгінген 32 адамның 28-і құсу, іштің құрысуы және жоғары қызба сияқты белгілермен емделуге жатқызылды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн