Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары көршісінің тарақанға қарсы дәрісінен уланып қалды
Оралда көпқабатты үйде пәтер иесі тарақандарды улаймын деп көршілерін қоса улады. Нәтижесінде бүлдіршін мен тұрғындар ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Төтенше жағдай Завокзальный көшесіндегі №61/3 үйде болған. Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23.00-де көпқабатты үйдің 36 жастағы тұрғыны өз пәтерінде тарақандарды өлтіретін затты шашып жіберген. Кейін көршілері өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырған.
Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі химиялық затпен жаппай ингаляциялық улану болғанын хабарлады. Бес азамат облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Зардап шеккендер қатарында 50 жастағы ер адам, 73, 42 және 32 жастағы әйел мен 5 жасар қыз болған.
Барлық науқастар тексерілді және динамикалық бақылауға алынған. Келесі күні барлығы амбулаторлық бақылауға жіберілген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"