AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда мүгедектігі бар бала терезеден құлаған: Әкесіне қатысты тергеу басталды

Екібастұз қаласында үшінші қабаттан құлап кеткен мүгедек баланың ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 13 маусымда таңғы сағат 09.00-де қалалық полиция басқармасына жедел жәрдем диспетчері хабарласқан. Энергетиктер көшесіндегі үйдің ауласынан табылған бала жоғары қабаттан құлаған.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтады. 5 жастағы бала ересектердің қарауынсыз қалған. Содан үшінші қабаттағы ас үйдің ашық терезесінен құлап кеткен. Онсыз да туғанынан мүгедек бала түрлі дене жарақатын алды. Оны шұғыл қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызды.



Ал тәртіп сақшылары абайсызда жас баланың денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан, жас баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 25 жастағы әкесіне сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

Айта кетcек, Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр