Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыста келіспей қалған": Екібастұзда тапа-тал түсте ер азаматты атып кеткен күдікті ұсталды

Екібастұзда 60 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды белгісіз біреу атып кетті. Оқиға үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео желіде тарап кетті.

Қылмыс куәгерлердің көз алдында, тұрғын үйдің ауласында болды. Күдікті 60 жастан асқан. Қазір ол изоляторда, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция оның неліктен мұндай қадамға барғанын айтпады.

"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша 65 жастағы ер адам ұсталды", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Талқылау