Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда ауруханаға түскен маугли-балалар сөйлей бастады

Екібастұзда ауруханаға түскен балалардың диагнозы әлі анықталған жоқ. Дәрігерлер кешенді тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Балалардың жағдайы тұрақты. Жағдайы жақсара бастады. Ойнай бастады, сөйлесе бастады, сұрақтарға жауап береді. Тәбеттері жақсы”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Pavlodarnews.kz хабарлағандай, офтальмолог пен сурдологтің кеңесі, сондай-ақ елордалық Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен телемедициналық сессия өткізілді. Кішкентай науқастар қосымша рентген және зертханалық тексеруден өтті.

Басқармадағылар қан сынамалары генетикалық талдау үшін Алматы зертханасына жіберілгенін айтты.

Бұған дейін Екібастұздағы пәтерлердің бірінен еріктілер 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт баланы тапқан болатын. Олар сөйлемейтін, жүре алмайтын күйде еді.

Осы жағдайдан соң екі қаланың әкіміне сөгіс жарияланды.


Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 28 Ақпан, 2022 17:58
Талқылау