Екібастұзда 150-ден астам үй жылудан уақытша ажыратылады
Екібастұзда 25 қаңтарда жылу желілерінің зақымдануын жөндеу кезінде бірнеше жеке тұрғын үй мен бір көпқабатты үй жылусыз қалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екібастұз қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Целинная, 75, Бұқар жырау, 168, 291А, Кеңшілер-Молодежная, Астана, 34 көшелеріндегі нысандар жылу беруден уақытша ажыратылады.
Жылу желілеріндегі ақауды жөндеу жұмыстарына байланысты 174 тұрғын үй мен тоғыз заңды нысан жылусыз қалады. Жөндеу жұмыстары 3 сағаттан 10 сағатқа дейін созылады.
"Барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу беру қалпына келтіріледі", – деп хабарлады қалалық әкімдік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”