Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жігіт анасын тепкіге алып, 18-ге толмаған қызын алып қашқан (видео)

Қыз алып қашу үрдісі қазақ халқында ғана емес, алыс-жақын шет елдерде де белең алған. Әсіресе, аруларды жастай ұзататын Үндістанда қыз алып қашқан жігіттердің жазаланғанын көрмейсіз. Алайда заң мен қоғам қарсы болмағанының кесірінен, жапа шегіп жатқан бойжеткендер аз емес.

Бұл туралы шетелдік The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мәселен, жуырда Үндістанның Рджахстан штатында апталдай екі жігіт анасының рұқсатынсыз кәмілеттік жасқа толмаған қызды алып қашқан. Ол аз десеңіз, қарсыласуға тырысып баққан қыздың анасын соққыға жыққан.

Оқиғаны алып қашудың құрбаны болған қыздың туыстары таспаға түсірген.

Бір қызығы, анасы қарсы болғанымен, қызын алып қашуға әкесі рұқсат беріпті. Сондықтан билік өкілдері ештеңе істей алмай отырған көрінеді.

Ал қызын қорғаймын деп соққының астында қалған ананың етегі жасқа толып қала берді. Ол тым құрығанда қызым 18-ге толған соң ұзатылса деп армандапты.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанда үш ер адам әйелді бір апта бойы зорлап, шашын тықырлап алып тастаған

Ресейде 30-ға жуық адамды жеп қойған ерлі-зайыпты ұсталды (видео)

Әбу-Дабиден Амстердамға ұшып келе жатқан пилот жолда көз жұмды

Атышулы Playboy журналының негізін қалаған азамат өмірден озды

Талқылау