Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жастағы бүлдіршін 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып жұртты тамсандырды (видео)

Алматылық Кәусар Рүстемқызы 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып, ағылшын тілінде сөйлей алады. Мұнымен қатар, ол 90-ға дейін санауды да біледі екен.

ртпакка

Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

Екі жарым жастағы Кәусар өте зерек. Айтқаныңды бірден қағып алады, алғыр. Естігенін ешқашан ұмытпайды. Тілі шыға бастағаннан-ақ анасы әр мемлекеттің астанасын жаттатқыза бастаған. Бастапқыда 35 елдің астанасын білетін. Қазір 55 мемлекеттің астанасын жатқа айта алады. Мұнымен қатар, ағылшын тілін үйреніп жүр. Қазір санауды біледі, түстерді де ажырата алады. Сурет салғанды да жақсы көреді.

«Кәусар – біздің тұңғыш немереміз. Өзі сондай алғыр, білгір, ақылды. Айтқаныңды бірден ұғып алады. Тәтті қыз. Қазақ тілінде 80-90-ға дейін санай алады. Түстерді қажет болса, ағылшын тілінде айтып береді. Ойыншықтарға қарағанда, көбінесе сурет салғанды жақсы көреді. Кітап оқып, мультфильм қарайды», – дейді әжесі Нағима Ізтілеуова.

ьотр

Кәусар Рүстемқызы студияға кіре салысымен анасын қасына алдырды. Артынша Қытай, Франция, АҚШ, Испания, БАӘ, Филиппин, Норвегия, Аустралия, Моңғолия, Ауғаныстан, Әзірбайжан мемлекеттерінің астанасын жатқа айтып берді. Арасында анасы шатастырмақ болып еді, оның бұл әрекетіне көнбей қойды.

«Өзінің қабілеті бар екенін байқаған соң, ары қарай ақырындап үйрете бастадым. Үйде интерактивті плакаттар бар. Өзі солардың қасына жүгіріп барып, «Анашым, бірге үйренейікші» деп айтады. Қазір екі жарым жаста. Одан кейін жаттау қабілеті өте мықты. Түстерді өзі бірінші ағылшын тілінде бастап айтты», – дейді Кәусардың анасы Маржан Жекебаева.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды қайтарған әйелге сүт тартатын машина сыйға тартылды

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Айшаның жап-жас анасын көрген жұрт оның сұлулығына таңдай қақты

Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды

Талқылау