Екі топқа бөлініп кеткен: Түркістан тауларында жоғалып кеткен төрт студенттің қайда екені белгісіз
Түркістан облысында жоғалған студенттер мен оқушылар екі топқа бөлініп кеткен. Бұл турал табылған үш адам айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Түркістан облысының тауларында адасқан жеті туристің үшеуі бастапқыдан-ақ екі топқа бөлініп кеткенін айтады. Қалған төрт адамның қайда екендігі белгісіз.
Қалған туристерді іздеу жалғасуда.
"Жағдай қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта медицина орталығының психологтары жоғалып кеткендердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли.
Жедел-іздестіру шараларына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметі қызметінің ат-патрульі, ұлттық парктің қызметкерлері және жоғалып кеткендердің туыстары, сондай-ақ "Қазавиаспас" 2 тікұшағы жұмылдырылған.
Еске салайық, 25 мамырда бір топ турист Түркістан облысының тауларында жоғалып кетті. Жоғалған жетеудің алтауы - Назарбаев Университетінің студенттері екені белгілі болды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
