Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сочиді топан су басты: Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді

Сочи әкімшілігі екі рет топан су басқан соң қалада төтенше жағдай режимін енгізді. Бірінші рет сенбіде таңертең, ал екінші рет жексенбі күніне қараған түні басқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Сочи

"Қала бойынша төтенше жағдай жарияланды. Бұл бізге зардап шеккендерге жедел өтемақы төлеу механизмін құруға, күшті жұмылдыруға мүмкіндік береді", – деп жазды қала басшысы Алексей Копайгородский. 

Жексенбіде жаңбыр бір сағат бойы толассыз жауған. Осы аралықта 76 мм жауын түскен. Бұл Сочиде шілде бойы жауатын жаңбырдан да көп. 

Түнде жауын екінші рет толассыз жауған. Бірінші рет сенбіге қараған түні қала су астында қалған. Осы кезде-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі Сочидегі өзендер деңгейі қатты көтерілгенін, ал теңізден тағы да бұлт келе жатқанын мәлімдеген. 

Нәтижесінде жексенбіге қараған түні басталған тропикалық жауын салдарынан қаланың 15 көшесі судың астында қалды. Ондаған көлік су ағынымен ағып кеткен. Кейбірінің ішінде адамдар болған.

Топан су салдарынан бір әйел мерт болды. БАҚ мәліметінше, әйелді ағынмен келген көлік қақпаға қысып тастаған. 

Сенбідегі жауыннан Лазарев ауданы көбірек зардап шеккен. Бұдан бөлек А-147 федералды тас жолының екі жүз метрі су астында қалды. 

Қала әкімшілігінің баспасөз қызметі Хоста, Мацеста, Бзугу, Кудепста өзендерінде бірден су деңгейінің көтерілгені туралы дабыл қосылғанын мәлімдеді. Станциялар су астында қалғандықтан, қаланың бірнеше ауданы жарықсыз қалды. Сочи әкімшілігінің басшысы топан су салдарын жою үшін 1 000-нан аса адам мен 400 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді. 

Жағдай тұрақталған соң қала билігі теңізден тағы бұл келе жатқанын айтып, ескерткен. Кешке және түнде қатты жауын, ал теңізде құйынсоғады деп күтілген. 

Жексенбі күні түнде Бзугу өзенінің арнасынан асқаны туралы хабар түскен. Әлеуметтік желідегі видеодан су ағынының жеңіл көліктерді ағызып әкеткенін көруге болады.Салдарынан Орталық және Хостинский аудандары көбірек зардап шекті. "Жағалаулар жабық, шомылуға болмайды. Санитарлық тазалау жұмыстары жүріп жатыр", – деп ескертті қала басшысы Алексей Копайгородский. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 08:54
Талқылау