"Екі қоян сыйлады": Марқұм Бейсен Құранбектің жары жұбайымен танысқан кезін есіне алды
Фото: Видеодан скриншот
5 жыл бұрын дүниеден өткен марқұм Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай ел алдына шығып, сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистің жары, екі қызының анасы тележүргізуші Дана Нұржігітпен сырласты. 30 жыл бұрынғы алғаш кездескен оқиғаны есіне алды.
“Ақтөбенің қызымын. Алматыға аспирантура оқу үшін келген едім. “Спорт” газетіне корректор болып орналастым. Сол жерде Сайын Тұрсынов деген кісі жұмыс істеген. Мені сыртымнан бақылап жүріпті. Бір күні маған Бейсенді ертіп әкеліп таныстырды. Бас киімін бастырып көзіне дейін түсіріп алған. “Гулочка, мынау менің балам – Бейсен. Мені қалай сыйласаң, осы жігітті де солай сыйла” деп шығып кетті. Ол жерде Бейсен де белсенді болып, ашылып сөйлей қоймады. “Қай жерден боласың, атың кім” деп қана сұрақ қойды. Кейін Сайын аға “Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады” деп құлағына құйса керек, сол күннен кейін редакцияға келгіштеп кетті. Бейсеннің жасы сол кезде 27-де еді. Солай танысып, отбасын құрдық”, – деді Гүлмира.
-
"170 жұптың үйленіп, үй болуына көмектескен": Бейсен Құранбектің қолдауымен шаңырақ көтерген бір отбасының тағдыры
-
"Қазақтың бір керегіне жараймын ғой": Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекпен соңғы рет тілдескен сәтін еске алды
Одан кейін марқұм журналист күйеуінен алған сыйлықты да әлі күнге дейін сақтағанын айтты.
“Біздің жастық шағымыз тоқырау кезеңімен тұспа-тұс келді. Ақша да жоқ кезең еді. Бір күні 8 наурызға маған сыйлық әкеліп тұр. Негізі күтпеген едім, өйткені жағдайды түсінемін. Сөйтсем, Бейсекең екі қоян ойыншық сыйлады. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін сақтап қойдық. Қаншама рет пәтер алмастырдық, сол кезде де жоғалтпадым. Балаларымыз ойнайды да, кіреберістегі телефонның жанына қойып қояды. Бір күні үйге қонақ бала келіп, “Қояндарды алып кетемін” деп жылады. Бейсекең екеуміздің ең құнды затымыз болғасын берген жоқпыз. Сол жерде тұрып Бейсен “Қояндарды құтқару операциясын бастайық” деп, екі балаға ақша ұстатып, қояндарды сақтап қалдық”, – деді марқұмның жары.
Еске салайық, Бейсен Құранбектің әжесі қайтыс болғанда ұлының өмірден өткенін білмей кеткенін жазған едік.

Бір бөтелкеге 27 мың теңге төлеген: Қазақстандық Duty Free-ден алынған тауарды қолжүгіне қосып есептеген FlyArystan компаниясына шағымданды
