Екі қазақстандық Ресейде диверсия жасады деген күдікпен қамауға алынды

Ресейде Ленинград облысының Ломоносов аудандық соты 20 жастағы екі қазақстандықты диверсия жасады деген күдікпен қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көрші елде қылмыс жасады деп айыпталған екі күдікті Тараздың тумасы болып шықты.
“Ленинград облысының Ломоносов аудандық соты Қазақстан Республикасының 2006 жылы туған екі азаматына қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 281-бабы 2-бөлігінің “а” тармағындағы (Адамдар тобы жасаған диверсия) қылмысты жасады деген күдікпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады”, – делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.
Сот материалдарына сәйкес, Санкт-Петербургте жүрген Тараз қаласының екі тұрғынының заңды табыс көзі болмаған. Қаржылық қиындықтарға тап болған олар “кураторлардың” нұсқауымен әрекет еткен. Олар кураторының “40 мың рубль сыйақы беремін” деген уәдесі үшін Ленинград облысының Ломоносов ауданындағы ұялы байланыс операторының базалық станциясындағы тарату қалқанын өртеген.
Мәліметтерге сенсек, күдіктілер оқиға орнынан қашып, таксимен ізін суытпақ болғанда оқиға орнына жақын жерде ұсталған.
“Аталған қылмысты жасағаны үшін қылмыстық кодекс санкциясы 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын ғана қарастырады”, – деп атап өтті сот.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен