Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант қабылдады
Фото:Қорғаныс министрлігі
Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті. Ант берген әскери қызметшілер қатарында еліміздің мақтанышы, танымал боксшы Алуа Балқыбекова да бар.
“Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді”, – деді Алуа Балқыбекова.
Алуа Балқыбекова әскери ант қабылдағаннан соң оған қатардағы жауынгер әскери атағы табысталды. Естеріңізге салсақ, Алуа Балқыбекова наурыз айында Ниште өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында топ, жарып алтыннан алқа таққан. Бұған қоса қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында тағы бір мәрте топ жарып, 2 дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Оның қоржынында әлем чемпионатының барлық жүлде қоры бар. Ол 2021 және 2022 жылғы Азия чемпионаттарында екі мәрте топ жарып, чемпион атанған.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
