Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі баласынан бас тартқан: Жәбір көрген бүлдіршіннің ата-анасы күтушісі жайлы айтып берді

Алматыдағы бір жарым жастағы опық жеген бүлдіршінге қатысты жантүршігерлік жағдай жайлы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме беріп.

Екі баласынан бас тартқан: Жәбір көрген бүлдіршіннің ата-анасы күтушісі жайлы айтып берді

 Бір жарым жастағы бала күтушісі баланы үш айға жуық күтіп баққан. Баланың жылаған даусын жиі еститін болған көршілер оның ата-анасына бұл жағдайды айтып берген. Сондай-ақ, баланың әке-шешесі де ұлдарының мазасызданып жүргенін байқаған. Осы мақсатта баланың әкесі үйіне видеокамера орнатады.

Желіні шулатқан 3 минуттық видео роликте әйел баланы бірнеше рет ұрғаны көрінеді. Ұрып қана қоймай, жылаған баланы жұбатуға да тырыспаған.

Жәбір көрген бүлдіршіннің әкесі ұлдарының күтуші әйелмен қалуға қорқып жүргенін, бөтен адамға үйренісе алмау деп түсінген. “Балам анасының үйден кеткенін қаламайтын, қатты жылап мазасызданатын. Бұл дегеніміз әйелдің оны бір емес бірнеше рет ұрғанын білдіреді. Күтуші әйел бізден кешірім сұрап та келген жоқ. Сондықтан оның қылмыстық кодекс негізінде жазасын алғанын қалаймыз. Себебі ол басқа балаларға да қауіп төндіреді",-дейді баланың әкесі Жомарт Исабаев.

Оның айтуынша әйел мұнда өткен жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеген. Өзі де екі баланың анасы. Алайда балаларынан бас тартқан екен.

Бүлдіршіннің денесіне қатты зақым келген. Қазіргі уақытта баланың ата-анасы оның денсаулығына қатысты уайымдап отыр.

"НЕ МОЛЧИ.KZ" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилованың айтуынша, әйел қазір бостандықта жүр.

"Бір қызығы, полицияға баланың әкесі өзі хабарласқан. Участкеге бара жатқан жолда әйел телефонмен бүкіл таныс-тамырына хабарласып келген. Соның нәтижесінде таныс сот қызметкері табылып, қазір ол бостандықта жүр"-, дейді Д.Смаилова.

"НЕ МОЛЧИ.KZ" қорының мәліметінше, балаға жәбір көрсеткені үшін әйел сот алдына барады. Бұл жағдай бастапқыда әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеліп әйелге айыппұл салынуы тиіс болған, алайда қазір сот істі қайта тергеуге жіберген. Ал баланың ата-анасы өз кезегінде әйелдің қылмыстық жауапкершілікке тартылуын қалап отыр.

Еске салсақ, жақында желіде бір жарым жастағы бүлдіршінді ұрып жүрген қазақстандық бала күтуші әйелдің видеосы тараған болатын. 

Талқылау