Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі айға жетпей, былғарысы жарылып кеткен": Алматылық тұрғын Kari аяқ киімдер желісі кепілдікке қарамай, ақшасын қайтармағанына шағымданды

Алматыда тұрғын Kari дүкенінің аяқ киім сапасыз болса да, ақшасын қайтарудан немесе ауыстырып беруден бас тартқан. Айтуынша, дүкен 90 күндік кепілдік берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Алматылық тұрғын баласына Kari аяқ киімдер дүкенінен мектепке киетін бәтеңке алып берген. Алайда бір-екі айдан кейін оның былғарысының желімі кетіп, содан ауа жиналып, былғары жарылып кеткен. Айтуынша, тез тозатындай бала оны жиі кимеген, тек мектепте киетін. Ол бұл аяқ киімді 19 мыңға алғанын айтады.

“Аяқ киімге 90 күндік кепілдік беретінін ескеріп, оны кепілдікпен қайтаруды жөн көрдік. Алайда сатушы мұның бұрынғы басшылық кезінде сатылғанын және оларға ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Содан ол Almaty Mall филиалындағы дүкеннің директорына телефон соқты, ол да көмектесе алмайтынын айтты. Сатушы бас директорға хат жазуды ұсынды”, – деді алматылық ер адам.



Ер адамның арызына жауап бірнеше күннен кейін келген. Олар бұл механикалық зақымдану болғандықтан, кепілдік көмектеспейтінін айтқан. 

Stan.kz тілшісі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінен мұндай кезде адамдар не істей алатынын сұрап білді.

“Дүкенге наразылық хатын жазу керек. Алайда өзінің ережелері бар. Қайтару 14 күннен аспауы керек. Ал жоғарыда аталған жағдай бойынша біздің комитетке жүгінсе болады. Соның аясында мақсатты саясат жүргізіледі”, – деді тұтыну құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің өкілі.

Комитет тұтынушылық құқықтардың бұзылғанын  kzpp_bot Telegram-бот, электрондық үкімет порталына жазуға болатынын айтты. Сондай-ақ 7 (7172) 75-06-42, 75-16-32, 74-98-32, 74-98-36 қоңырау соққан жөн.

Бұған дейін Алматының жеке мектебінде оқушыларға берілген "ФудМастер" компаниясының йогурттары көгеріп кеткені айтылды. 

Талқылау